КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ

Торайгыров
университетінің
Жоғары колледжі

КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛЫҒЫ

Құрылымы

КОЛЛЕДЖДІҢ ТАРИХЫ

Стратегиялық жоспар

"Торайғыров университеті" КЕАҚ жоғары колледжі "Торайғыров университеті" КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Колледж өз жұмысын 2017 жылғы 7 ақпанда университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен (01.2017 ж. №7 хаттама) және С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының 2017 ж. 09 ақпандағы № 53-05/57 бұйрығымен қайта бастады.
Торайғыров университетінің Жоғары колледжі миссиясы:
Болашақта бәсекеге қабілетті маманның жеке басының қалыптасуы мен қабілетін іске асыру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, оқу үдерісінің инновациялық шарттарын құру және жүзеге асыру.

Мемлекеттік лицензия

Тіркеу туралы куәлік

Аккредиттеу

КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛЫҒЫ

Шакарманова Майжан Пшенбаевна

Директор

Әлеуметтік ғылымдар магистрі
PhD Докторы

КАРАШАШЕВА
Жанаргуль Доскалиевна

I санатты директордың оқу жөніндегі орынбасары

Есенгараева
Гульмира Ермековна

Заместитель директора по воспитательной работе

Кабдрасилова
Айнар Маулитбековна

Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары

Колледж құрылымы

КОЛЛЕДЖДІҢ ТАРИХЫ

Павлодарлық Ертіс өңіріндегі техникалық және кәсіптік білім беру бағытында Торайғыров университеті Жоғары колледжінің алатын орны ерекше. Колледж техникалық және кәсіптік білім беру саласында 1109000 «Токарлік іс және металды өңдеу» (түрлері бойынша), 0901000 «Электрлік станциялар және желілері электржабдықтары» (түрлері бойынша), 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 0515000 «Менеджмент», 0518000 «Есеп және аудит», 1401000 "Ғимараттар мен құрылыстар салу және пайдалану" мамандықтарын даярлайды.
Колледж қызметі ҚР "Білім туралы" Заңымен, ҚР МЖМБС, ҚР "ҚР Тіл туралы" Заңымен, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларымен, сондай-ақ ҚР БҒМ, Павлодар облысы білім басқармасының бұйрықтарымен, нұсқаулық-әдістемелік хаттарымен және колледж мен университеттің ішкі жергілікті актілерімен реттеледі.
Колледж 2001 жылы 1996 жылдың мамыр айында КСРО Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысы, Индустриалды институт негізінде Павлодар мемлекеттік университетінің жанынан ашылды.
Колледж ұжымының негізгі міндеті – білікті мамандарды іргелі даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Оқыту күндізгі және сырттай нысанда орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.
5 жылдық үзілістен кейін ПМУ колледжі Ғылыми кеңестің 2017 жылғы 01 ақпандағы шешімі (№7 хаттама) және Павлодар мемлекеттік университеті ректорының бұйрығы негізінде өз қызметін 07.02.2017 жылы қайта бастады.
Колледждің білім беру қызметін жүргізуді растайтын қажетті құжаттары бар (С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің Жарғысы; 2012.12.21 № 12019627 білім беру қызметімен айналысуға арналған мемлекеттік лицензия, оқу – әдістемелік әдебиет қорларының болуы туралы мәліметтер және т. б.).
Колледждің алғашқы директоры - Ержанова Рымтай Қабышқызы. 1975 жылы Павлодар педагогикалық институтының математика факультетін бітірген. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 30 жылдан жоғары. Ғылыми атаққа үміткер – педагогика ғылымдарының кандидаты. "ҚР Білім беру ісінің үздігі" төсбелгісімен (1994), "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" белгісімен (2003) марапатталған.
07.02.2017 жылдан бастап 15.03.2018 жылға дейін колледжді Серік Тілеуханұлы Джартыбаев басқарды. С. Торайғыров атындағы ПМУ–ды 2003 жылы «Тарих және география» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтады. 2007 жылы ПМПИ магистратурасын «География магистрі» академиялық дәрежесімен бітірді. «Білім берудегі халықаралық менеджмент" магистрі.
15.03.2018 - 10.06.2019 кезеңінде Есенова Анна Нуриденовна директор болып қызмет атқарды. Педагогикалық өтілі 35 жылдан асатын жоғары санатты жоғары білікті экономикалық пәндер оқытушысы болып табылады. Павлодар облысы білім басқармасының ТжКБ бөлімін 15 жылдан астам басқарды. Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен (2017) марапатталған.
10.07.2019 жылдан бастап 23.09.2022 жылға дейін колледжді Табулдинов Байтас Қайырбайұлы басқарды. С. Торайғыров ПМУ-ды 2005 жылы «Тарих және география» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 2018 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ–дың магистратурасын «Тарих магистрі» академиялық дәрежесімен аяқтады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2019 жыл), «Нұр Отан» Н.Ә. Назарбаев «Алғыс хат» (2021 жыл) марапатталған.
Шакарманова Майжан Пішенбайқызы 2022 жылдың 20 қазанынан бастап "Торайғыров университеті" КЕАҚ Жоғары колледжінің директоры болып тағайындалды.
Майжан Пішенбайқызы 1994 жылы "Бастауыш сынып мұғалімі" біліктілігі бойынша Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін бітірген. 2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінінің "Филология" мамандығын, 2012 жылы "Педагогика және психология" мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. Қазіргі таңда «Әлеуметтік ғылымдар магистрі», «PhD докторы».
Майжан Пішенбайқызы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін келесі марапаттарға ие болды:
- Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы, 2016 ж.
- Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты, 2017 ж.
- Инновациялық Еуразия университеті ректорының Алғыс хаты, 2018 ж.

Стратегиялық жоспар

Торайғыров университетінің Жоғары колледжі миссиясы:
Болашақта бәсекеге қабілетті маманның жеке басының қалыптасуы мен қабілетін іске асыру үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, оқу үдерісінің инновациялық шарттарын құру және жүзеге асыру.

Пайымдау::
Жұмыс берушілердің жоғары талаптарына жауап беретін ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім беру мамандарын дайындайтын Торайғыров университетінің Жоғары колледжі өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйымдардың бірі болып табылады.
Білім беру қызметінің негізгі міндеті – білікті мамандардың іргелі дайындығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде колледж түлектерінің болашақ құзіретті және сұранысқа ие маман ретінде кәсіби дайындығының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған іс-шараларды жүйелеу бірінші кезектегі мақсат болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін білім беру саясаты саласындағы келесі бағыттардың маңыздылығы жоғары:
- мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды енгізу, білім беру бағдарламаларын енгізу және жетілдіру есебінен білім сапасын арттыру;
- оқу үрдісінде модульдік-құзыреттілік тәсілін қолдану арқылы мамандарды 2-3 деңгейлі дайындауды қамтамасыз ету;
- оқытудың модульдік-кредиттік технологиясын енгізу;
- студенттердің кәсіби даярлығының сапасын арттыруға тікелей әсер ететін іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді нысандарын енгізу;
- білім беруді дамытудың қазіргі кезеңіндегі талаптарға сай педагогикалық ұжымның кәсіби деңгейін арттыру.
Білім беру саясатының бағыттарын іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- білім алушыларға техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларының міндетті минимум мазмұнын сапалы меңгеру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
- студенттердің сабақта оқу-тәрбиелік іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімділігін қамтамасыз ету және жалпы олардың кәсіби дайындығының сапасын арттыру мақсатында оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
- білім алушылардың кәсіби дайындығының сапасын арттыру үшін оқу үдерісінің оқу-әдістемелік жабдықталуын кеңейту;
- оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін модульдік білім беру бағдарламаларын енгізу;
- оқу процесіне дуальды оқытуды тиімді енгізуге ықпал ету;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және білім беру қызметіне dot.psu.kz платформасын қолдану арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру.
Прокрутить вверх
Scroll to Top